ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Қорқыт ата атындағы ҚМУ-мен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты – Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа заңнамаларды түсіндіру, сондай – ақ мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға бағытталды.
Конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы Қ.Бисенов ашты. Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ж.Жылқышиева баяндама жасап, бес институционалдық реформаны орындау бойынша «100 нақты қадамдағы» белгіленген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудағы бүкіл қоғамның бірігуінің маңыздылығын атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түрлі институттары мен механизмдерін қозғайтын тақырыптар бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов, Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басқарма басшысы Б.Ниязов, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы М.Жаденов, Қызылорда облысы «Азаматтық альянсы» қауымдастығының төрайымы Ә.Әбдіхалықова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушылары Л.Қаржаубаева және Ж.Исаева баяндама жасады.
Конференцияға құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері, орта арнаулы оқу орындарының директорлары, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.