ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНГЕН ЖЕРДЕГІ 12 ІРГЕТАСТЫ БҰЗДЫРТУҒА ЖҰМЫС ЖАСАЛУДА
Бүгінгі таңда қала бойынша заңсыз иеленіп алған жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу бойынша құрылған жұмысшы топпен бірнеше заңсыз пайдаланып отырған жер учаскелері анықталды. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте қалалық жер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ғалымжан Еркебай заңсыз пайдаланып жатқан жер учаскелерін түгендеу жұмыстарының барысы туралы өткен брифингте хабарлады.
«Атқарылған жұмыстарға сәйкес «Титов», «Әл-Фараби», «Ақмаржан», «Қорқыт ата», «Саяхат» тұрғын аудандары бойынша барлығы 659 жер учаскесі заңсыз иеленгені белгілі болды. Осыған байланысты, бес тұрғын ауданнан 12 іргетастарды бұздыртуға жұмыс жасалуда», - деді Ғ.Еркебай.
Бүгінде осы 260 тұлғаға әкімшілік жаза қолдану үшін тиісті материалдар дайындалып жатыр, деді облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев. Олар мемлекеттік сәйкес жер учаскелерін заңсыз иеленіп алу деректері бойынша 75 АЕК, яғни 189275 теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Егер де 7 тәулік ішінде төлейтін болса, айыппұл сомасының елу пайызын, яғни 79537 теңге төлейтінін айта кеткен дұрыс.
Айта кету керек, қаладағы «Сегіз жүз бас» өңірі аумағынан 2005 жылы кезекке тұрған азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін өтініштерін қанағаттандыру мақсатында 980 гектар жер учаскесі таңдалып, инфрақұрылым жүргізу жұмыстарының бірінші кезеңі басталуда. Осы жылдың мамыр айында 4800 адамға жер учаскелері берілмек.
Шынар БЕКБАН