ҚҰМАР ОЙЫНДАР БОЙЫНША 963 МЫҢ ТЕҢГЕ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Өткен жылы Қызылорда облысында құмар ойындар ойнатудан түскен 963 мың теңге ақша қаражаты заңсыз айналымнан алынды.
Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлағандай, 218 компьютер, 47 лотереялық терминал терминал алынды. Құмар ойынды ұйымдастырудың 32 дерегі анықталып, 26-сына қатысы бар айыпталушылар сотталды.
Одан бөлек, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан құны 12,4 млн. теңге болатын 170 тонна шикі мұнай алынды. Сөйтіп, 34,8 млн. теңге сомасындағы мүлік мемлекет пайдасына өтті.
«Заңсыз айналымнан тағы 4302 мыңға жуық алкоголь өнімдері алынып, 6,5 млн. теңгенің 27 мың шөлмегі сот шешімімен тәркіленді», - делінген хабарламада.
Назерке САНИЯЗОВА