БАҚАУОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ӘКІМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Б.Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Болат Жұмабекұлы Бақауов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығында.
Болат Бақауов бұған дейін Павлодар қаласының әкімі қымзетін атқарған болатын. Ол бұл қызметке 2014 жылдың сәуірінде келді. Бұған дейін ол Ақсу қаласын басқарды. Бақауов 1971 жылы 27 маусымда Павлодар облысы Железинск ауданының Новокузьминка ауылында дүниеге келген. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) "Заң ғылымдары" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген. 2003-2007 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болды.
Ал Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.
"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Президенттің Жарлығында.
Ол ведомствоны 2014 жылдың тамызынан берген басқарып келген Владимир Школьниктің орнына келді.
Еске салайық, Қанат Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалған еді. Оған дейін 2009 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысының әкімі болып келді. Одан ертеде әр жылдары ұлттық компанияларда, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Экономика және сауда министрлігінде қызмет атқарды.
Ал Школьник бұған дейін "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясын бес жылдан аса уақыт басқарған еді. Ол 2006-2007 және 2008-2009 жылдары екі мәрте индустрия және сауда министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі (2007-2008), ал 2000-2006 жылдар аралығында энергетика және минералды ресурстар министрі болған еді.