ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРЖЫСЫН МАҚСАТСЫЗ ЖҰМСАУ БОЙЫНША 75 МЛН. ТЕҢГЕ ЗАЛАЛ ӨНДІРІЛДІ
2015 жылы Қызылорда облысында бюджет қаржысын жымқыру, ысырап ету және мақсатсыз пайдалануға байланысты қылмыстық істердің 51-і аяқталды. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғани Сейітжанұлы мәлімдеді.
Нәтижесінде 24,4 млн. теңгеден астам залал мемлекет пайдасына өтеліп, құны 21 млн. теңгені құрайтын мүлік сот үкімімен мемлекет пайдасына өтті.
- Соның ішінде Ұлттық қордан бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсаудың 2 фактісі анықталып, 75 млн. теңге залал өндірілді, - деді Ғани Сейітжанұлы.
Назерке САНИЯЗОВА