МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БЕС КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Назарбаев мектептерде бескүндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді.
"Дамыған елдердің мектептерінде бескүндік оқу аптасы енгізілген. Бұл баланың қайтадан қалпына келіп, педагогтың демалып, сабаққа дайындалуына мүмкіндік береді. Олардың кейбірінде, тіпті, сабақ аптасына төрт күн ғана болады. Мұндай форматқа өту - дамыған елдерге ортақ тренд. Ғалымдар да оқу аптасын қысқарту білім алу нәтижелі ететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі ең құрғанда бастауыш мектептерге осындай жүйені енгізу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол мұның оңай іс емес екенін, дегенмен бұл мәселені қалай да қолға алу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздегі барлық мектепте Интернеттің үнемі жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуді тапсырды.