МАШИНИСТ КӨМЕКШІСІ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АТАНДЫ
26 жастағы машинист көмекшісі Геннадий Шиповских ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттарына тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды. Олардың арасында Геннадий Шиповских те бар. Төменгі палатаның депутаты атанғанға дейін ол машинистің көмекшісі болып жұмыс істеген екен.
Бізге берген сұхбатында Геннадий Шиповских өзі туралы айтып берді. 26 жастағы депутат "Нұр Отан" партиясының мүшесі, үйленбеген, қазақ тілінде еркін сөйлейді. "Мен жұмысшы табының өкілімін. Партияның маған депутат болуға мүмкіндік беруі мен үшін абырой. Парламентте түрлі саланың өкілдері жиналды. Ал мен болсам жұмысшы табының мүддесіне өкілдік етемін", - деді Геннадий Шиповских.
"Мені не күтіп тұрғанын жақсы білемін. Қазақта "көш жүре келе түзеледі" деген мақал бар. Мен көтерген мәселелер ұжымдастарымның арқасында әділ шешіледі деген үміттемін", - деді жас депутат алдағы жоспарларын бөлісе отырып.
Ашық дереккөздерде Геннадий Шиповскихтің 1989 жылы 22 қазанда Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде өмірге келгені айтылады. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Шиповских балалар үйіне жіберілген. Балалар үйінен оны қазақ отбасы асырап алады. 2010 жылы ол Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық №5 кәсіби лицейді "Машинист көмекшісі" мамандығы бойынша бітірген.