КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес кезекті мәжілісін өткізді.
Кеңестің мақсаты: кәсіпкерлерді және басқа да мүдделі тұлғаларды салық және кеден жүйесіндегі заңнамалық жаңалықтармен таныстырып отыру, қоғамды ақпараттандыру. Мәжіліске «Біріктірілген Кеден және Салық кодексінің дайындалу барысына және кодекске ұсыныстарға» Түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Совет Бабанаев шолу жасады.
Еліміздегі әрбір азаматтың қазіргі қолданыстағы заңнамаларға байланысты белгілі бір ойлары мен нақты ұсыныстары салық және кеден саласының әділ жүйесін құратын жаңа Кодекске негіз бола алады. Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан Кодекске ұсыныстарға жауапты спикерлер құрамы және «бірыңғай кездесу күні» (әр аптаның бейсенбісі), кездесулердің тақырыптары белгіленді.
Жаңа Кодексті әзірлеудегі негізгі мақсат – кеден және салық төлемдерін әкімшілендіру тетігін бірізділендіру, кедендік және салықтық амалдарды оңтайландыру арқылы, ондағы қайшылықтарды реттеу. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің айтуы бойынша, бастысы – отандық салық төлеушілер мен шетелдік инвесторларға қойылатын талапты барынша жеңілдету. Бірыңғай кодекс жобасында серіктес компаниялар арасында өзара салық есебін жүргізу тәртібі өзгертілмек. Бұдан былай өндірістің өзіндік құны, табысы пен шығындары белгіленуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу үдерісі де біршама өзгертілмек. Коммерциялық бонус пен көлікке салынатын салықты алып тастау мәселелері де қарастырылып отыр. Көлік салығы акцизге енгізілуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік пен жер салықтарын жинауға қатысты реформа жүргізілетін болады. Салық заңнамасын жеңілдету жөнінде түрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында арнайы ФОРУМ ашылды, оған түскен әрбір ұсынысты жоғарыда айтып кеткен арнайы топ қарап, талдау жасайды. ФОРУМ бірнеше тақырыптарға бөлініп қойылған, бұл ұсыныстарды енгізу үшін қолайлы болу мақсатында жасалған.
Осы ақпан, наурыз айларында жаңа Кодекске ұсыныстарды талқылау бойынша Департаментте бірнеше дөңгелек-үстел өткізіліп, онда салық төлеушілер тарапынан бірқатар ұсыныстарға шолу жасаған баяндамашы, әсіресе, «Петро Казахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ы, «ЖанРос Дриллинг» ЖШС, "АН групп КZ", «Досик и К» ЖШС-нің өкілдері, сонымен қатар, кәсіпкерлер ассоциациясын белсенділігін атап өтті.
Мұнан соң «Салық және кеден саласында жасалған қылмыстар мен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтармен күрес» бойынша Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маманы Мақсат Әбдікамалов хабарлама ұсынды.
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылатын іс-шаралардың мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру арқылы, қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту. Облыстың құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүйелі түрде семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер (2015 жылы - 33) ұйымдастырылып келеді. Қолданыстағы заңдылықтарға енген соңғы өзгерістерді таныстырумен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау мақсатндағы дәрістер (2015 жылы - 84) оқылады. Дәрістер барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінен келіп түсетін «келеңсіз көріністер туралы» шолу хаттарға талқылау жасалады. Биылғы жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары аясында "Әдеп кодексінің талаптары жайлы" өткізілген құқықтық-техникалық оқуларда, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жоғары стандарттарға және адамгершілік-әдеп қағидаттарына сәйкестігі бойынша моральдық-этикалық бейнесіне, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған талаптары туралы, сондай-ақ, сыйлықтарды қабылдау және беру тәжірибесін болдырмау талаптарын сақтау жайлы келелі әңгімелер қозғалып, талқыланды. Жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының тағы бірі, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, келушілермен тікелей кездесуді азайтып, салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшіру болып табылады. Осы орайда, облыс көлеміндегі мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерге арнайы «Терминал» бөлмелері жұмыс жасауда. Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығында «электронды кезектілікті қабылдау жүйесі» іске қосылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен ауылдық округтерінде түгелдей арнайы бағдарлама орнатылған компьютер жабдықтары орналастырылған, нәтижесінде ауылдық жерлерде тұратын салық төлеуші кәсіпкерлер (мемлекеттік қызметкерлерді қоса алғанда) аудан орталығына келместен, тұрғылықты жерінен салық есептіліктерін табыс етуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Қармақшы ауданының Төретам, Арал ауданының Сексеуіл елді мекендерінен Кірістер басқармаларының өкілдіктері ашылған. Бұл шаралар да салықтық қызмет көрсетудің сапасын арттырудың, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың бір көрінісі іспеттес.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан 2015 жылдан бастап шағын және орта бизнеске жасалатын барлық жоспарлы тексерулер алынып тасталынып, салық төлеушілерге «тәуекелдер дәрежесіне қарай» талдау арқылы бақылау жүргізіледі және соның нәтижесімен жоғарғы орталық аппараттың келісімімен жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. Бұл іс-шара , мемлекеттің де, салық төлеушінің де мүддесі қамтамасыз етіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Кеңес мәжілісіне төрағалық етуші – департамент басшысының орынбасары Ғани Сейтжанұлы қатысушыларды кең пікір алысуға шақырды. Бірнеше компаниялар өкілдері және облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Кәсіпкерлер ассоциациясы өз ұсыныстарын білдірді. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Әділ Бекішев, Кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Қайырбек Дүрменбаевтар, өз кезегінде, айтылған ұсыныстарға заңнамалық түсіндірме беріп отырды.
Бахыт ОРДАНОВА,
түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы