24 НАУРЫЗ КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады. Тек, оңтүстік-батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы болады, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с-ге күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с-ге күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.