«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2016 ЖЫЛЫ 700 СТИПЕНДИЯ БӨЛІНДІ
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 700 стипендия бөлінді, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов.
«Биыл 700 стипендия бөлініп отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 100 стипендияға артық. Біздің мақсатымыз әлеуетті үміткерлердің көбірек санын қамту», - деді ол. Ғ.Нығыметовтің мәліметінше, биылғы жылы құжат қабылдау үш кезеңде жүргізіледі, яғни 11 сәуірден 13 мамырға дейін, 13 маусымнан 29 шілдеге дейін және 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.
«Егер сәуірде үлгермесеңіз, құжаттарды қыркүйектің соңына дейін тапсыра аласыз», - деп нақтылады Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы. Ол сондай-ақ стипендия алуға құжаттар үш әдіспен берілетінін түсіндіріп өтті. «Біріншіден, электронды үкіметтің порталы арқылы, сандық қолтаңбаны ала отырып, барлық құжаттарды сканерлеп ала аласыздар. Екіншіден, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы, бұрындары ХҚКО-тары. ХҚКО-тарына барып, құжаттарды тапсыра аласыздар, ал барлық ХҚКО қызметкерлері аталмыш мемлекеттік қызмет туралы біледі. Үшіншіден, құжаттарды «Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ-ға қолға тапсыру немесе сенімхат арқылы тапсыру», - деді Ғ.Нығыметов.
Естеріңізге салар болсақ, «Болашақ» халықаралық стипендиясы азаматтарды шетелдік жетекші оқу орындарында күндізгі оқыту формасы бойынша оқыту немесе ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуіне арналған ҚР Президенті ұсынған стипендия.