ЖҰРТШЫЛЫҚ ОЛАРҒА БАҚЫТ ТІЛЕДІ
«АХАТ» бөлімінен бұрын тікелей сайлау учаскесіне жол тартқан Бөбетаев Маулен мен Игенбаева Қарлығаш сайлау күні отбасын құрғанына ерекше қуанышты. Олар елмен бірге кезекке тұрып, өз дауыстарын берді. Жас жұбайларды құттықтап, тілегін білдірген жұртшылық оларға бақыт тіледі.
«Бұл күн біз үшін ерекше. Ең алдымен, бүгін біз еліміздің болашағын сеніп тапсыратын тұлғаларға дауыс берсек, екіншіден, өмірлік жар ретінде бір-бірімізді таңдап, отбасын құрып жатырмыз. Еліміз үшін аса маңызды қадам болып табылатын осы сайлауға келіп дауыс бергеніміз үшін өте қуаныштымыз», - дейді Бөбетаев Маулен.
Жас жұбайлар Қызылорда қаласындағы №179 сайлау учаскесінен дауыс берді.