ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 17 наурызда қоғамдық бірлестіктер мен кандидаттардың мәслихаттардың депутаттарын сайлауға қатысудан өз кандидатурасын тіркеуден алу құқығын пайдаланудың мерзімі аяқталды.
Облыста мәслихаттар депутаттығына ұсынылған 498 кандидаттың 362-сі 147 депутаттық мандаттың бөлінісіне түседі.
Шығып қалған 136 азаматтың ішінде 28-і - кандидат ретінде тіркелгенге дейін өз өтініштерін кері қайтарған, 2 кандидат құжаттарын түгел тапсырмауына байланысты округтік сайлау комиссиялары оларды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады, округтік сайлау комиссияларының шешімімен тіркелген 81 кандидат өз өтініштері бойынша тіркеуден алынды және мемлекеттік кірістер басқармаларының декларация бойынша мәліметтің сәйкессіздігі анықталғандығы туралы хаттарының негізінде 25 кандидат тіркеуден шығарылды.
Облыс бойынша 1 мандатқа 2,5 кандидаттан бәсекелес болып тұр.
Тіркелген кандидаттардың ішінде:
• 75-і облыстық мәслихатқа; орташа жасы – 49 жас;
• 231 – і аудандық мәслихаттарға; орташа жасы – 45 жас;
• 56 – ы қалалық мәслихатқа, орташа жасы – 41 жас.
Тіркелген кандидаттардың ішіндегі 30 жасқа толмаған азаматтардың саны - 57 адам (16 %), 30-60 жас арасындағылар – 282 адам (80%), 60 жастан асқан кандидаттардың саны - 23 адам (4 %), .
311 кандидат жоғары білімді, олардың ішінде 100 мұғалім, 83 инженер, 33 экономист, 17 заңгер, 13 дәрігер, 12 ауылшаруашылығы саласының маманы, 53 өзге саланың мамандары бар. 36 кандидаттың - арнаулы орта, 15 кандидаттың орта білімі бар.
177 кандидат (50%) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері болса, 155 кандидат (42%) коммерциялық құрылымдарда жұмыс атқарады, 10 кандидат (3%) - саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, 5 кандидат (1%) - уақытша жұмыссыз және 15 кандидат (4%) өзге салаларда жұмыс атқарады.
Барлық тіркелген кандидаттардың 217-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 143-і «Нұр Отан» партиясымен, 1-уі «Ауыл» ХДПП, 1-уі – «Ақжол» ҚДП ұсынылған.
144 кандидат «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 2-уі «Ауыл» ХДПП, 1-уі – «Ақжол» ҚДП мүшесі, 215-і – партияда жоқ.
Ұсынылған кандидаттардың 361-і – қазақ, 1- кәріс ұлтынан.
Ер адамдар – 295 (81,5 %), әйелдер – 67 (18,5 %).
Барлық сайлаушыларды дауыс беруге қатысуға шақырамыз!
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы