ҚЫЗЫЛОРДАДА САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Аймақтағы облыстық медицина орталығында барлығы 405 науқас сайлаушылар тізіміне тіркелген.
Сыр өңірінде де сайлаушылар белсенділігі жоғары. Әсіресе, аймақтағы емдеу мекемелеріндегі арнайы сайлау учаскелерінде саяси науқан қызу жүруде.
Солардың бірі - облыстық медицина орталығы. Мұнда барлығы 405 науқас сайлаушылар тізіміне тіркелген. Ауруханадағы сайлау учаскесіне таң сәріден бастап дауыс берген емделушілер саяси шараға үлкен жауапкершілік танытып, бір кісідей атсалысуда.
Ал жүріп-тұруы қиын, жағдайы ауыр науқастар өз палатасынан дауыс беру мүмкіндігіне ие болуда.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ,
«Kaznews»