ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Қызылордада Наурыз мерекесі қарсаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Қызылордалықтар өз сайлау учаскелерінен дауыс берген соң жәрмеңкеге ат басын бұрды. Себебі, бұл күні азық-түлік бағасы көпшілікті таң қалдырды. Мәселен, сәбіз және картоп бағасы келісі үшін 40 теңгеден, пияз – 35, макарон өнімдері – 135, ет – 950 теңгеден, 5 литр күнбағыс майының бағасы 1850 теңгеден сатылды.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың мәлімдеуінше, жәрмеңкеде азық-түлік сатушыларға да, тұтынушыларға да тиімді бағамен сатылуда.
Шынар БЕКБАН
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың мәлімдеуінше, жәрмеңкеде азық-түлік сатушыларға да, тұтынушыларға да тиімді бағамен сатылуда.
Шынар БЕКБАН