ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАУДА
Бүгін Жалағаш ауданындағы барлық сайлау учаскелерінің жұмыстары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен бастау алды. Аудан тұрғындары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына таң ертемен дауыс беруге асығуда. Сайлауға белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасауда халық саны артып келеді. Сондай-ақ, кент орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесіне сайлаушылармен бірге аудан әкімі Т.Дүйсебаев та барды. Халықпен бірге ел болашағы үшін дауыс беруге қатысқан аудан басшысы да өз таңдауын жасады