ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫНЫҢ 1 КҮНІНДЕ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН 7 ҚЫЛМЫСКЕР ҚҰРЫҚТАЛДЫ
2016 жылдың 16-18 наурыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 862 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 71 азаматқа, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 97 адамға, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) 117 адамға, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс аумақта жүруіне жол берген (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 37 азаматқа әкімшілік шара көріліп, ұсақ бұзақылық жасаған 16 кәмелетке толмаған жасөспірім (ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы) жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін (592-бабы) – 78, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін (591-бабы) – 121, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін (593-бабы, 1-бөлігі) – 170 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін (608-бабы) 10 азамат наркологиялық сараптамадан өткізіліп, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Тәулік ішінде 16 қылмыстың беті ашылып, оның 8-і – ізі суымай ашылды. Іздеуде жүрген 7 қылмыскер құрықталды.
Есірткі затын сақтағаны үшін 30 жасар қала тұрғынынан 44,22 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді.
Жалпы, облыс көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Құқық тәртібі» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы наурыз айының 18-не дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі