САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУГЕ 13399 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТАРТЫЛДЫ
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 13399 сайлау комиссиясы құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 13399 сайлау комиссиясы құрылды. Олардың ішінде: 9840 учаскелік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ аудандық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 2160 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы бар. Олардың құрамында 93 мыңнан астам мүше тіркелген.
«Олардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді.
Орталық сайлау комиссиясы үш республикалық семинар: сайлауды ұйымдастырушылар үшін; БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін ұйымдастырды», - деді ОСК хатшысы.
Сондай-ақ, Б.Мелдешов Орталық сайлау комиссиясы барлық сайлау комиссияларын қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз еткенін еске салды. Атап айтқанда, ҚР ОСК тапсырысы бойынша, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірген адамдары, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері үшін ақпараттық плакаттардың 8 түрін және жаднамалардың, құралдардың, жинақтар мен басқа да баспа өнімдерінің 14 атауы әзірленді.