ЕЛІМІЗДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СМАРТФОНДАР ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ
Елімізде мемлекеттік органдардың ғимараттарында смартфондар пайдалануға тыйым салынбақшы. Бұл шешімді бүгін министрлер растады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
WhatsApp арқылы 24 наурыздан бастап барлық мемлекеттік органдардың ғимараттарында қызметкерлер мен мемлекеттік органдарға келушілерге мобильді құрылғылар (смартфондар, планшеттер, смарт-сағаттар) пайдалануға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Бұл шара құпия қызметтік мәліметтердің жария болу фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты қолға алынбақшы. Ал қоңырау шалып, хабарлама жіберуге болатын қарапайым телефондарды пайдалануға рұқсат етіледі.
Бүгін Сенат отырысы аясында бірқатар министр бұл ақпаратты растады.
«Бізге осындай регламент келіп түсті. Жалпы алғанда, көптеген үкіметте осындай тәжірибе бар. Менің ойымша, бұл дұрыс. Бұл дегеніміз біз мүлдем телефон пайдаланбаймыз деген сөз емес. Тиісті мемлекеттік органға кірген кезде, телефонды қалдырасың да, кетерде алып кетесің. Біз Үкімет отырысында үнемі планшет пайдаланатынбыз, онда отырыста қаралатын мәселелер жазылады. Біз планшетті тек үкімет отырысында пайдаланамыз, оны алуға бізге рұқсат етіледі», - дейді журналистердің сұрағына жауап бере отырып ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Жұмыс орнында смартфон пайдалануға тыйым салынатынын ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та растады.
«Біздің күзет осы бұйрықты орындайды. Біздің қызмет жедел, бізде көптеген мәселе құпия саналады. Сондықтан біз бұл шешімге дейін де өз отырыстарымызда мүлдем дерлік осындай құрылғылар пайдаланбайтынбыз», - деген министр журналистерге өзінің Nokia телефонын көрсетіп, оны пайдаланып жүргеніне 10 жыл болғанын жеткізді.