НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
120 жас отбасы мен 60 апаттық жағдайдағы үйдің тұрғындары қоныс тойын тойлады. Наурыз мерекесінің қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінде апаттық жағдайдағы үйдің орнына салынған тұрғын үйдің кілттерін салтанатты түрде тапсырды.
- 2014 жылдың қорытындысымен 264 пәтердің кілтін тапсырған болсақ, өткен жылы 2684 отбасы баспаналы болды. Нәтижесінде бір жылдың ішінде қалада пәтер кезегінде тұрғандардың 17%-ы үй алды. 53 көпқабатты үй салдық, биыл 67 тұрғын үйді салып, пайдалануға береміз. Кезегін күтіп жүрген халықтың 24,3%-ы осы жылы пәтер алғалы отыр. 2 жылда үй кезегінде тұрғандардың 41%-ын баспанамен қаматамасыз ететін боламыз. Бұл үлкен жетістік. Қоныс тойларыңыз құтты болсын, Ұлыс оң болсын, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
- Отбасымызбен 12 жыл апаттық үйде тұрдық. Бүгінгі қуанышымды айтып жеткізе алар емеспін. Жаңа баспана алуға үмітіміз болғанымен, қолымыз жетпей қалады ма деген күмәннің басым болғанын жасырмаймын. Елбасының қолдауымен арманымыз орындалып жатыр. Барлық үйлі болып жатқандарды қуаныштарымен құттықтаймын, - деді қала тұрғыны Әмина Ғаниева.
Сондай-ақ Титов мөлтек ауданында 120 жас отбасы пәтер кілтін алды. Мемлекеттің қолдауының арқасында үйлі болған жастар Елбасына алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Жалпы 2013 жылы Қызылорда қаласында 25 апаттық үй тіркелген. Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен 60 пәтерлік 5 үй, 100 пәтерлік 1 үйдің жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Қазіргі таңда апатты үйлердің орнына салынған 144 пәтер пайдалануға берілді. Енді 100 пәтерлік 1 үйдің және 60 пәтерлік 2 үйдің құрылысы биыл басталып, 2017 жылы іске қосылады. Осылайша, келесі жылы Қызылорда қаласындағы апатты үйлер мәселесін толығымен шешу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, соңғы жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы көлемі күрт өсті. Мемлекет қаржысы есебінен салынатын тұрғын үй көлемі облыс бойынша 2015 жылы 3,5 есеге, ал Қызылорда қаласындағы тұрғын үй құрылысы – 8 есеге артты. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрғандар саны 17%-ға азайды.