ҚАЗАҚСТАНДА 1 СӘУІРДЕ КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Екі аптадан соң Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталады. Қазір Қазақстанның қорғаныс істері жөніндегі басқармаларында Қарулы күштер үшін әскерге шақырылғандармен алдын-ала танысу және оларды іріктеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Жыл сайын әскерге шақыру медициналық комиссияларына 120000-ға жуық жеткіншек келеді. Шақыру науқанының көктемгі және күзгі кезеңдерінің әрқайсысында республика бойынша әскерге шақыру медициналық комиссияларына 120000-ға жуық адам келеді.
Әскери қызметке жарамды деп танылған шақырылушылардың саны барлық медициналық куәландырудан өткендердің шамамен 76% құрайды.
2014-2015 жылдарғы әскерге шақыру медициналық комиссияларының жұмыс қорытындысын талдау нәтижесінде әрбір шақыру науқанында барлық куәландырылған әскерге шақырылушылардың 14-19% жуығы денсаулығына байланысты кейінге қалдырылғаны анықталыпты.
Денсаулығына байланысты кейінге қалдырылғандардың арасында кездесетін негізінен ішкі құрылыс, хирургиялық және неврологиялық аурулар болып табылады.
Денсаулығына байланысты кейінге қалдырылған және емделуді қажет ететін шақырылушылар көрсеткішінің жоғары болуы денсаулық сақтау мекемелері жүргізетін әскерге шақырылғанға дейінгі және әскерге шақырылған жастар арасында емдеу-сауықтыру жұмысы сапасының төмендігін білдіреді.
Денсаулығына байланысты кейінге қалдырылғандардың басым көпшілігі Атырау облысында - 56%, Қостанай облысында - 21-23%, және Павлодар облысында - 20% тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы ҚР Заңына сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыруды өткізу кезеңіне шақыру комиссиялары құрылады.
Тиісті денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары шақыру комиссиясының мүшесі бола отырып, әрі медициналық комиссияның төрағасы болып табылады.
Айта кетейік, биыл 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру құқығына ие емес, сондай-ақ, 27 жасқа толмаған және шақырту бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті өтемеген, оқу орындарынан шығарылған шамамен 30 мың қазақстандық әскери қызметке шақырылады.