ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІ. АҚПАН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
"Саясат-Monitoring" сарапшылары ақпан айында ең белсенді болған әкімдердің рейтингін құрды. Аталмыш рейтингте Бердібек Сапарбаев көш бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Үздік үштікке Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев енді.
Бюджетті толықтыруда қосымша резерв іздеу, жер учаскелерін түгендеу және жастар бірлестігі қауымдастығын құру бойынша үздік көрсетікштерге жеткен Бердібек Сапарбаев көш басына жайғасқан.
Ал "күміс" иегері Әділбек Жақсыбеков болса, "Белсенді азамат" акциясы бойынша тұрғындардың жақсы бағасына ие болған.
Үшінші орындағы Қырымбек Көшербаев өңірдегі тұрғынүй құрылысына рекордтық сома - 22 млрд теңге бөлінудің арқасында және жаңа электростанцияның салынуына септік болғаны үшін ел ризашылығын алған.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек төртінші орынға жайғасқан. Үздік бестікті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұйықтады.
Светлана Абрашитованың материалынан аударылды.