18 НАУРЫЗДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН ЖАУЫП, ТҰМАН ТҮСЕДІ
Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұманты, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, желдің күші 15-20, кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Маңғыстау облыстарында желдетіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстараның кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.