ҚАЗІРГІ ТАҢДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ САҚТАЛУДА
Облыста азық-түлік тапшылығын болдырмай, нарықты молайту мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» Ақ мен «Мирас» СҮ арасында жасалған әріптестік келісім негізінде өткен жылы 18 832,5 тонна өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды. Бұл туралы бүгін облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдегі азық-түлік тауарларының бағалары және қамтамасыз етілуі бойынша өткен брифингте мәлімдеді.
- Сондай-ақ, облыс нарығында баға көтерілуіне жол бермеу үшін 59 ірі сауда субъектілерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жаңартылды. Меморандум бойынша нанның бағасын орташа 49 теңге шамасында ұстап тұруға мүмкіндік берілуде. Қазіргі таңда азық-түлік тауарларының бағалары тұрақты сақталуда, - деді Б.Жаханов.
Айта кету керек, наурыз мейрамы қарсаңында алдымыздағы жексенбіде «Тағзым» алаңының маңында жәрмеңке ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл жәрмеңкелерге арзан бағада ірі көлемде тұрақтандыру қорының өнімдерін облыс орталығында сату көзделуде.
Шынар БЕКБАН