ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНА «ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ» БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ
Қызылорда қалалық сотына Астана қаласынан «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының» ОБСЕ Қазақстан Республикасындағы сайлаудың өту барысын бақылайтын ұзақ мерзімді бақылаушылары келді.
Бақылаушылар Давид Левин мен Юулиан Дерманнды Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов пен судья А.Молдабекова қабылдады.
Сот төрағасы А.Бабатов Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының баптарына тоқталып, түсіндірме жасады.
Қабылдау барысында бақылаушыларға соттың ғимараты мен сот мәжілісі залдары көрсетіліп, таныстырылды. Сонымен қатар, сот арқылы азаматтардың сайлау барысында туындаған мәселелері бойынша шағымдануы құқықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, осы күні сотқа сайлау құқығының бұзылу фактісі бойынша бір арыз түскендігі айтылып, қаралу қорытындысы таныстырылып, бақылаушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Бақылаушылар тарапынан сын-ескертпелер түскен жоқ.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі