2015 ЖЫЛЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 116 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ
Өткен жылы Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 116 қылмыс тіркелді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артық. Бұл туралы бүгін облыстық прокуратураның брифингінде белгілі болды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Әліби Зейнолланың айтуынша, қылмыстың жоғарылау көрсеткіші Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарында байқалды. Көпшілігіне мектеп және колледж оқушыларының қатысы бар. Құзырлы орган тарапынан құрылған 30 мобильді топ жасөспірімдердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты бір үзген емес.
- Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына кіруіне жол берген 40 кәсіпкерге, оларға темекі сатқан 22, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған 82 ата-ана жауаптылыққа тартылды, - деді Әліби Зейнолла.
Облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Дархан Құрмантаев брифингте биылдыққа осындай санатта 29 қылмыс тіркелгенін мәлімдеді.
- Соның 17-сі – ұрлық. Одан кейін көп жасалатын қылмыс түрі – бұзақылық. Кәмелетке толмағандардың көшеде беймезгіл жүруі осындай келеңсіздікке әкеп соқтырады, - деді Дархан Құрмантаев.
Балғындардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар да азаймай тұр. Биыл осындай 9 қылмыс есепке алынса, соның 4-уі – азғындық, 4-уі – зорлау, 1-уі – жыныстық қатынасқа түсу сипатында. Прокуратура өкілі бұған ғаламтордағы небір сайттар мен әлеуметтік желілердің зияны зор екенін атап өтті.
Назерке САНИЯЗОВА