АТЫРАУЛЫҚ АЛМИРА АХАТОВА ҚАЗАҚ АРУЫ АТАНДЫ
Атырау облысының тұрғыны 20 жасар Алмира Ахатова «Қазақ аруы-2016» сұлулық байқауында жеңiске жеттi. Ал 18 жастағы астаналық ару Сабина Теңбай байқаудың вице-мисi атанды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Конкурс нәтижесi бойынша үшiншi орынды Қарағанды облысынан қатысқан Гүлiмай Оразбек иеленсе, екiншi орын елордалық Аяулым Макумоваға бұйырды. «Ең әдемi көйлек» аталымында Жамбыл облысынан келген Майнур Омархан жеңiске жеттi.
Байқау барысында көрермендер арнайы концерттiк бағдарламаны тамашалады. Сахнада Айгүл Иманбаева, Кәмшат Жолдыбаева, Төреғали Төрәлi, Ерке Есмахан, Айқын, «КешYOU» мен «Алау» топтары және тағы да басқа әртiстер өнер көрсеттi.
«Айта кету керек, финалға Қазақстанның түрлі қалаларынан 16-22 жас аралығындағы 21 ару қатысты. Бұл конкурсқа қатысудың негізгі талабы - ұлттық дәстүр мен қазақ тілін білу. "Қазақ аруы" байқауы осымен алтыншы рет, ал Астанада үшінші рет өтіп отыр», - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Қатысушыларды құрамына сенатор Бірғаным Әйтімова, продюсер Баян Есентаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Хабар" телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, конкурстың 2014 жылғы жеңімпазы Гүлназ Жоланова, дизайнер Аида Қауменова, боксшы Данияр Елеусінов және басқалар кірген қазылар алқасы таңдады.
Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - қатысушылар қазақстандық дизайнерлердің кешкі салтанатқа киетін киімін көрсетеді. Екінші кезеңде қыздар қазылар алқасына өз дарынын көрсетеді. Үшіншісі - зияткерлік, қыздар қазақтың ұлттық дәстүрі мен салты жайлы сұрақтарға жауап берді.
Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ аруы" байқауында қарағандылық ару Кәмшат Қоскелова жеңімпаз болған еді. Ал 2014 жылы Маңғыстау облысының намысын қорғаған Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанды.