ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІШКІ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЕТ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Қазіргі уақытта еліміздің ішкі нарығында ет бағасы шетелдегіге қарағанда үш есе арзан, деп мәлімдеді Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Ішкі тұтынуға арналған еттің бағасы қымбаттамайды, алайда мал шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту есебінен делдалдар маржасы төмендейді», - деді ол тілшілерге Қазақстанның ет және ет өңдеу өнеркәсібінің «KazMeat Astana 2016» I-ші Халықаралық форумы барысында.
Оған қоса,ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қазақстандық ет бағасы ішкі нарықта шетелдік нарықтарға қарағанда, атап айтқанда Израиль мен Қытайға қарағанда үш есе арзан екенін айтып өтті.
«ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның ет бойынша зор әлеуетін айтып өтті. Біздің елімізде осы бағытта басымдықтар, әсіресе жалпы аумағы 180 млн га болатын жайылым жерлер бар», - деп баса айтты министр.
Еліміздің аграрлық ведомствосының мәліметінше, бүгінде ІҚМ басы 6,1 млн басты құрайды, 2001 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге, ҰҚМ басы - 17,8 млн бас (1,7 есеге), жылқы – шамамен 2 млн бас (2 есеге) көбейді.
Айта кетер болсақ, «KazMeatAstana 2016» форумы Қазақстанның ет өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірісінің өкілдеріне халықаралық компаниялардың заманауи техниканы пайдалану арқылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Астанадағы «КazMeatAstana-2016» халықаралық форумына 14 елден 300-ге тарта қатысушы келген. Олардың ішінде Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия елдерінің өкілдері бар.
Форум тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін халықаралық нарыққа шығарып, елімізді етті экспорттайтын мемлекеттер арасында танымалдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Өткізілген форум шеңберінде В2В форматында қазақстандық және шетелдің ірі компания өкілдері арасында іскерлік келіссөздер өтіп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және өндірістегі инвестиция тақырыбын талқылады.