ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БАЙҚОҢЫРДА БИЫЛ КҮШІНЕ ЕНБЕК
Қазақстанның экологиялық заңнамасы Байқоңырда биыл күшіне енбек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрлігінің комитет төрағасы Ахметжан Пірімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Энергетика министрлігі мемлекеттік органдардың келісіміне Байқоңыр аумағында кәсіпорындар мен заңды тұлғалар қызметінің тәртібі туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасында жасалған келісім туралы Үкімет қаулысының жобасын жіберді. Бұл келісімге Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының қатысуымен Атырауда өтетін форумда қол қойылады деп жоспарланып отыр. Осыдан кейін Байқоңыр аумағында Қазақстанның экологиялық заңнамасының нормалары жұмыс істейтін болады», - деді комитет төрағасы.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің он бірінші шекаралас форумы биыл қазан айында өтеді деп жоспарланған.