ҚАЗАҚСТАНДА ЕҢБЕК МАШЫҚТАРЫН ДАМЫТУ МЕН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстанда еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, деп жазады primeminister.kz.
Астанада ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің бас директоры Клаудия Костин, Дүниежүзілік банктің Білім беру департаментінің «Еуропа және Орталық Азия» аймағы бойынша жетекшісі Марио Кристиан Аедо ҚР-дағы жұмыспен қамту нәтижелерін жақсартуды қарастыратын «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын іске қосты.
Аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы шектелмелі келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.
«Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн доллар) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн доллар) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар», - делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомствода еске салып өткендей, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы) 2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.
Сонымен, жоба мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру; мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже – экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту.
Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.