ҚЫЗЫЛОРДАДА 600 ПӘТЕРЛІК 12 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Бүгін облыс орталығындағы жаңадан бой көтерген «Арай-3» мөлтек ауданында 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жоба «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға» дейінгі бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ.
Тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысты.
- Өткен жылы облыс бойынша 54 көпқабатты үйді пайдалануға бердік. Ал биыл 67 тұрғын үй саламыз деп жоспарлап отырмыз. 2015 жылы 2684 сырбойылық үйлі болды. Осы жылы 3 мың адамды баспанамен қамтуға мүмкіндік бар, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
- Қаржылық қиындықтарға қарамастан Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс аумағында барлық инфрақұрылым мәселесі шешілген. Жоспарға сәйкес тұрғын үйлерді қыркүйек айында пайдалануға беретін боламыз, - деді Қуандық Бишімбаев.
Жобаның жалпы құны 6 млрд. астам теңгені құрайды. Осы бір жылдың ішінде үй кезегінде тұрғандардың 24,3% баспаналы болады.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы Қызылордада жалпы саны 1230 пәтерді құрайтын 24 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесіп, 3 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі. Айта кетейік, салынатын үйлердің сапасы қатаң бақылауда.