ҚЫЗЫЛОРДАДА ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДА АЛҒАШҚЫ БІРЕГЕЙ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!
Қызылорда қаласында «Акваспектр - денсаулық Академиясы» сауықтыру орталығы ашылып, қатерлі ісіктер, қант диабеті мен аутизм, астма, псориаз және басқа да ауру түрлерін емдеуге мүмкіндік туды. Орталықта емдеуді медицина ғылымдарының докторы, профессор, РФ Халықаралық денсаулық академиясының президенті – Ашот Хачатрян жүргізеді.
Аталған бірегей орталықтың ашылуына мұрындық болған «Қызылорда Анкар Сервис» ЖШС компаниясы. Компания директоры Марал Кетебайдың сөзінше, өзінің қызы ем қонбайтын сирек ауруға шалдыққанда осындай сауықтыру орталығын ашу туралы идея келген. Академик Ашот Хачатрян туралы естігенде, бірден Новосибирск қаласына аттанып, нәтижесінде академиктің емінен соң қызы дертінен жазылғанын айтады.
«Қызылорда Анкар Сервис» ЖШС компаниясының директоры Марал Кетебайдың сөзінше, дертке шалдыққан қызына ем іздеу жолында, ел асуға душар болғандықтан, ол осындай орталықты туған қаласында ашуды ойлап, жоспарлаған. Оның үстіне академик Ашот Хачатрян кәсіпкер әйелден бірлесе жұмыс жасау ұсынысын қабыл алған. Нәтижесінде «Қызылорда Анкар Сервис» компаниясыныңжобасы жүзеге асуына мемлекет жәрдемдесіп, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 14% үстемемен несие рәсімделінді. Сондай-ақ, қажетті несиесін алуға кепілмүлік жетіспеушілігінен туындаған мәселені кәсіпкер Даму Қорының 50% кепілдемесімен шешті.Қазіргі таңда «Қызылорда Анкар Сервис» несиесінің пайыздық үстемесінің тең жартысын мемлекет өтеуде,бұл да болса кәсіпкер шығынын үнемдеуге үлкен көмек.
- Біздің облысымыздың экологиялық қиын ахуалы халықтың денсаулығына әсер ететінін бәрі де біледі. Сондықтан біз туған қаламыздың тұрғындары жоғары дәрежелі дәрігерлерден кешендік ем алуына мүмкіндік беретін сауықтыру орталығын ашуды ойладық. Біздің алғашқы емделушілеріміз қысқа уақыт ішінде денсаулықтарының жақсаруын байқауда. Ал біз болса, осы орайда мемлекет тарапынан берілген қолдауға өз ризашылығымызды білдіреміз,- дейді Марал Кетебай.
«Акваспектр - денсаулық Академиясы» орталығындағы емдік курс 21 күнге созылады, пациенттерге антиоксидантты иондалған су мен басқа да көптеген емдік шаралар ұсынылады. Сонымен қатар, медицина ғылымдарының докторы, академик Ашот Хачатрян бірқатар жазылмайтын аурулардың алдын алу мен емдеу үшін, практикаға түрлі емдеу шараларын енгізу арқылы, қуантарлық нәтижелерге жетіп отыр. Ескере кетсек, «Акваспектр - денсаулық Академиясы» - академик Хачатрянның Орта Азияда ашылған бірінші, әрі жалғыз емханасы.
«Қызылорда Анкар Сервис» ЖШС жобасының жүзеге асуы нәтижесінде жергілікті тұрғындарға 30-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.