ӘУЕ КӨЛІКТЕРІМЕН ТАСЫМАЛДАНҒАН ЖОЛАУШЫЛАР САНЫ ЖЫЛ САЙЫН 10-12 ПАЙЫЗҒА ӨСУДЕ
Қазіргі таңда отандық әуе компаниялары Қызылорда қаласының сағатына 150 жолаушы өткізу қабілеттілігі бар қолданыстағы әуежай терминалынан Астана, Алматы, Қарағанды және Мәскеу қалаларына аптасына 34 әуе рейсін орындауда. Әуе көліктерімен тасымалданған жолаушылар санының жыл сайынғы өсу динамикасы 10-12 пайызды құрап отыр. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов БАҚ өкілдеріне ұйымдастырған брифингте хабарлады.
- Өткен жылы «Қорқыт ата» әуежайынан 200,0 мыңнан астам жолаушы тасымалданса, «Люфтганза» әуе компаниясының ғылыми-зерттеу институтының 2014 жылы еліміздің әуежайларына жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 2 есеге дейін өсіп, Қызылорда қаласы әуежайы арқылы 400,0 мыңға жуық жолаушы тасымалданады деп күтілуде, - деді М.Бәйімбетов. - Әрине, бүгінгі терминалдың осынша жолаушыны қабылдауға еш мүмкіндігі жоқ. Осыған орай, облыс әкімінің бастамасымен бюджеттен тыс қаражат есебінен сағатына 250 жолаушы (қарбалас уақытта 500 жолаушы) өткізу қабілеті бар Қызылорда қаласының халықаралық әуежайы терминалының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
Айта кету керек, халықаралық бағыттағы жолаушыларға қызмет көрсететін 2 деңгейлі терминал, оның ішінде әуе кемелері мен жолаушыларға жоғары деңгейдегі сервистік қызмет көрсету үшін ұшаққа тікелей өтуіне 2 телескопиялық қондырғы, 180 орындық көлік тұрағы, ҮІР және СІР залдары, «Дьюти фри» дүкендері сияқты жолаушылар ыңғайлығы үшін барлық жағдайлар жасалмақ.
Шынар БЕКБАН