ҚАЗАҚСТАНДА БАСПАСӨЗ АРАСЫНДА «ЖАСЫЛ БАҚ» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТЕДІ
Қазақстанда «жасыл» экономика тақырыбында баспасөз арасында «Жасыл БАҚ» атты байқау өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова мәлім етті.
«Біз баспасөз арасында «Жасыл БАҚ» атты байқау өткізгіміз келеді. Ол төрт аталымнан: үздік телесюжет, үздік бағдарлама, үздік мақала және интернеттегі ең үздік материал. Шамамен жаз айларында байқауды жария етеміз, кейін форум ұйымдастырып, сонда жеңімпаздарды марапаттаймыз», - деп атап өтті С.Рахымбекова.
Оның сөзіне қарағанда, байқау БҰҰ ДБ-мен бірге ұйымдастырылмақ.
«Біз бұл жобаны БҰҰ Даму бағдарламасымен пысықтап жатырмыз. Қазіргі уақытта байқаудың қарары жасалуда. Кейін материалдардың көлемі, конкурстық комиссия құрамы, материалдарға қойылатын талаптар анықталатын болады. Осы байқау арқылы біз Қазақстанда «жасыл» жобалар мен технологиялардың дамуына қолдау көрсеткіміз келеді», - деді С.Рахымбекова.