ҚР-ДА 2016 ЖЫЛДЫҢ СӘУІРІНЕН БАСТАП САЛЫҚ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ АЛУДЫҢ ЭКСАУМАҚТЫҒЫ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап салық саласында мемлекеттік қызметті алу үшін эксаумақтық жүйесі енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов, деп жазады primeminister.kz.
«1 сәуірден бастап мемлекеттік қызметті алудың эксаумақтық пилоты жүйесін енгіземіз», - деді Е.Біржанов.
Оның айтуынша, аталған жүйе бойынша салық төлеушіге қайда тіркелгені маңызды емес, маңыздысы – толық қызметті алу. Ол кез-келген салық органына барады және ол жерде оның қай жерде тіркелгені, қай ауданнан екеніне қарамастан оларға толық қызмет көрсетілуі тиіс. Аталмыш пилотты жоба үш облыста өтеді: СҚО, Қостанй мен Ақмола облыстары.
«Жылдың соңында аталмыш шараны республика бойынша өрбітеміз. Ол салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, қызмет көрсетудің сапасын жақсартады», - деп атап өтті МКК департаментінің басшысы.
Бұдан өзге, ол 9 жыл бойы Қазақстанда халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп келе жатқанын, оған кедендік және салық саласында көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанғандығы туралы 4 мыңнан астап респондент қатысқанын айтып өтті.
«Егер 2007 жылы біз салық органдары көрсететін қызметтер сапасымен қанағаттанарлық көрсеткішті 40,6%-бен бастасақ, өткен жылдың нәтижесі бойынша 81% нәтижеге жеттік. Кедендік мәселелер бойынша егер бізде 2011 жылы қанағаттану деңгейі 60% болса, бүгінде ол 71,2%-ды құрайды», - деді Е.Біржанов.