СЕМИНАР БАРЫСЫНДА ЕТ, СҮТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕР ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтары күніне орай «Антибиотиксіз ас мәзірі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинарға департамент, ұлттық сараптама орталығы филиалы, облыстық денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті, Қорқыт ата атындағы ҚМУ мамандары қатысып, тұтынушылар мен кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар Қызылорда облысының ет, сүт өнімдерін өндірушілер өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Семинар қорытындысымен проблемалық мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар дайындалды.