ТМД МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕН АЙТАРЛЫҚТАЙ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАҒАН ЖОҚ
ТМД миссиясы Қазақстандағы сайлау процесінен айтарлықтай бұзушылықтар анықтаған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода айтты.
«Біз облыстарда болып, аумақтық, учаскелік сайлау учаскелерінің жұмыстарымен таныстық. Оларда айтарлықтай бұзушылықтар байқала қойған жоқ», - деді ол.
Оның сөзінше, әдістемелік қамтамасыз ету тұрғысынан алып қарағанда, бәрі дұрыс, құжаттарды рәсімдеуде де кемшіліктер байқалмайды.
«Сондықтан әзірше біздің тарапымыздан еш сауал жоқ. Бірқатар азын-аулақ кемшілік байқалды, ол барлық елдерде де кездеседі. Мәселен, сайлау учаскелеріне барған кезде дауыс беру процесін байқауға мүмкіншіліктер болуы тиіс. Сол себепті біз бірқатар сайлау учаскесіне дауыс беруге арналған кабиналарды жылжытуды ұсындық. Міне, осындай техникалық мәселелер болды», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, партиялық тізіммен сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 20 наурыз күні, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мәжіліс депутаттарын сайлау 21 наурыз күні өтеді.