ҚР БҒМ БИЫЛ 73 МЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ҚАЙТА ДАЯРЛАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР
Қазақстанда бастауыш сыныптардың 73 мың мұғалімін балаларды жаңа әдістеме бойынша оқытуға қайта даярлау жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Мектептеріміздің 73 мың 1 сынып мұғалімдері жазда жаңа әдістеме бойынша оқытуға дайындалады. Осы мақсатта және әлемдегі озық тәжірибені кеңінен қолдану үшін биыл 2.5 мың мектепті кең жолақты интернет желісіне қосамыз. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдеріне жаңа әдістемені үйрететін 80 маман Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дайын тұр», - делінген ведомство хабарламасында.
ҚР БҒМ басшысы түсіндіріп өткендей, биылғы жылдан бастап жаратылыстану (химия, физика, биология, информатика) пәндерін үш тілде, оның ішінде қазақ тілінде де жаңа әдістемемен оқыту көзделіп отыр.
Е.Сағадиевтің айтуынша, Қазақстанда ақпараттық технологиялар мен жаңа әдістемелер арқылы жұмыс істейтін білім беру жүйесі қалыптасады. Яғни интернет желісі барлық мектептерге сапалы білімді әкелуге мүмкіндік туғызады. 2017 жылдан бастап тағы 2.5 мың мектеп кең жолақты интернет желісіне қосылады.
Ол сондай-ақ аталған іс-шаралар Елбасы бекіткен бағдарламада нақты көрсетілген және оған тиісті қаржы бөлініп отырғанын айтты.
«Осыдан кейін ғана кейбір жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде оқыту басталады. Шамамен ол 2018 жылдан басталады деп отырмыз. Тек балалар дайын болғанда ғана ҰБТ-ға ағылшын тілі сұрақтарын қоса бастаймыз», - деп баса айтты ҚР БҒМ басшысы.
Бізге тиімді шешім, министрдің айтуынша, қазақ жастарына, әсіресе, ауыл балаларына өз ана тілімен қатар ағылшын тілін үйрету болмақ. Сонда ғана олар өздеріне қажетті білімді әлем кеңістігінде дер кезінде және еркін таба алады. Оларға ең тиімді жоғары оқу орындарына жол ашылады, деп сендірді ведомство басшысы.
Министр еске салып өткендей, аталған бағдарламаның негізгі мақсаты - Президент ұсынған «Мәңгілік ел» идеясын орындауға бастайтын, оған негіз қалайтын платформа жасау. Сонымен қатар, қоғамда сапалы білім алудың мүмкіндігі баршаға бірдей болуы көзделген.