ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, жел күшейеді, тек республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атырау облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-22 мс/-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 0-2 градус суық болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында , кей жерлерде батыста, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.