БІЛІКТІ МАМАНДАР ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРҒА ТҮРЛІ БАҒЫТТА КЕҢЕСТЕР БЕРДІ
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасақталған бүгін «Мәңгілік ел» пойызы Қазалы ауданына келіп тоқтады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көпшілік теміржол вокзалында пойызды ерекше салтанатпен қарсы алды. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: "«Мәңгілік ел» пойызының ауданымызда болуы - біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан бүгінгі сапарларыңызға сәттілік тілеймін!" - деді.
Республикалық ғылыми орталықтардың медицина қызметкерлерінен құралған тағы бір топ аудандық емханада тұрғындарды тегін қабылдап, кеңес берді. Сондай-ақ кәсіпкерлер палатасында жергілікті тұрғындармен кездесті. Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында бір топ сала өкілдері азаматтарды қабылдап, ашық есік күнін өткізді. Пойыз мүшелері көмекке мұқтаж адамдарға тегін киім-кешек тарататын әлеуметтік дүкенде болды.
Бұдан басқа түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, лекциялар, кездесулер өткізілді.