САЙЛАУ КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 339 БАҚЫЛАУШЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20 наурыз – ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күнінде Қызылорда облысында 339 бақылаушы жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде сайлауды бақылау жөніндегі штаб жетекшісі Мақсұт Досжанов мәлімдеді.
- Штаб құрамында 5 адам бар. Жалпы, облыста орналасқан 350 сайлау учаскесіне 339 бақылаушы бекіттік. Негізі бізге қажеттісі 325 болатын. Қалғаны жабық учаскелерге бөлінді, - деді Мақсұт Досжанов.
Бұған дейін штабтың ұйымдастыруымен аудандар мен Қызылорда қаласында бақылаушыларға арнағлған оқыту семинарлары өтті. Ендігі міндет – 20 наурызда сайлау учаскелеріне барып, саяси науқанның ашық, таза, әділ, заң шеңберінде өтуін қамтамасыз ету. Сайлау күні тәртіп сақшылары да күшейтілген жұмыс кестесіне көшеді. Брифингте облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетов мәлімдегендей, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп басты назарда болады.
- Сайлау науқанына орынсыз араласу, арнайы заң талаптарын бұзу деректерінің алдын алу бағытында полицейлер арасында үгіт жұмыстары жүргізілді, - деді ол.
Назерке САНИЯЗОВА