ӨҢІРІМІЗДІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «Байқоңыр» ӘКК ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Ардагер Ақжігітов тілшілерге бірлестіктің жұмыстары мен облыс тұрғындарына ұсынылған азық-түлік бағасы жөнінде мәлімдеме жасады.
Бүгінгі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен жалпы құны 1 млрд теңге болатын 8 жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Және инвестициясы 65 пайызды құрайтын құны 9 млрд теңгеден асатын жобаны жүзеге асыру үстінде. Корпорацияның инвестициялық қызметі өңіріміздің өсуіне кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті ете отырып жаңаруы және жаңғыртуына бағытталады. Оның ішінде: балық кластерін дамыту, көлік инфраструктурасын дамыту және индустриалды-инновациялық дамуы мен құрылыс.
Ардагер Ақжігітов жүзеге асып жатқан бірнеше жобаларды атап өтті. Оның ішінде Жалағаштағы «Агро Холдинг Байқоңыр» ЖШС базасында күріш кластерін дамыту мен элеваторды қайта жаңғыртуы, орталықтандыру, Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы жүйесін бақылау және қадағалау, сүт тауарлы ферма құрылысы секілді және т.б.
Бұдан бөлек, корпорацияның жанынан құрылған операторлардың ықпалымен азық-түлік бағасы тұрақтанды. Осы ретте корпорация бүгінгі күні ұнның бірінші сортын және өндірушілерден қантты жүзеге асыруда жалғыз оператор болып отыр.
Кызылордада 12 әлеуметтiк сауда орталықтары жұмыс жасайды. Қазалы және Арал аудандарында жергілікті өнім өндірушілерін қолдау мақсатында өнімнің 33 түрі нарықтық бағадан 20-30 пайызға арзан бағада ұсынып жатыр.
Ардагер Ақжiгiтовтің айтуынша, аймақта бiрiншi қажеттiлiктегі өнiмдер бағасының көтерiлуiне еш негiз жоқ.
Шынар БЕКБАН