АҚПАНДА КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ 18256 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы Қызылорда облысы бойынша 2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға, 2015 жылғы желтоқсанмен – 1,4%-ға жоғарылады.
Облыстық статистика департаментінің бапсасөз қызметі хабарлағандай, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,5%; жемістер мен көкөністерді –10,2%; нан және жарма өнімдерін –8,6%; қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,9%-ды құрады. Айта кетейік, бұл негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сай есептелген.