ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ «ДАҢҚ АЛЛЕЯСЫН» АШУДЫ ҰСЫНДЫ
Қызылорда облысының Ардагерлер кеңесі жергілікті билік өкілдеріне облыс орталығында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының даңқын насихаттайтын аллея ашуды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында әкімдікке Даңқ аллеясын ашуды ұсынған едік. Облыс басшылығы біздің ұсыныстарымызды ешқашан сырт қалдырмайды. Алайда аллеяны жасау қиындап кетті. Себебі бұған біраз қаражат салу керек. Аймақтың барлық аудандарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың тізімі бар. Соның бәрін жинап, облыс орталығында ескерткіш жасауға болар еді. Ер есімі ел есінде қалу керек»,- деді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов.
Облыстық Ардагерлер кеңесінің мәлімдеуінше, Қызылордада даңқ аллеясын ашу ұсынысы ел ойлағаннан да ауқымдырақ. Аллея – істің басы. Кейін Батырларды ардақтау саябағын да ашуға болады екен.
Айта кетсек, облыстағы кез келген аудан орталығында мерекелік шараларды өткізетін Ардагерлер үйі бар.
«Мәселен, Қазалы ауданындағы жаңа Ардагерлер үйінде 273 шаршы метрді алып жатқан 17 бөлме бар. Ауданда 6700 соғыс және еңбек ардагері тіркелген. Асхана, жаттығу залы, жуынатын бөлме – осының барлығы Ардагерлер үйінде қамтылған»,- деді ардагер Оразғали Бекпанов.