«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІНІҢ САПАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Наурыз айының 10-ы күні «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің сапары Қызылорда облысында жалғасты, - деп жазады партия сайты.
Аймаққа арнайы келген үгіт-насихат тобы «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС-нің, «Жан-Арай» агроиндустриалды кешен ұжымымен, облыстағы спортшы қауым өкілдерімен кездесті. Сондай-ақ, штаб мүшелері сайлаушылардың үйлерін аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Ал, Сыр өңіріндегі сапар бағдарламасы мыңдаған партия жақтастары қатысқан форуммен аяқталды.
Аймаққа делегацияны республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Асқар Мырзахметов бастап келді. Сонымен қатар, штаб құрамында: ҚР Парламенті Мәжілісінің V-шақырылымының депутаттары Бақытжан Смағұл, Саяси кеңес бюросының мүшесі Нұрлан Әбдіров, «Халық Қаhарманы» Бақытжан Ертаев, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Шахмардан Байманов, олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой клуб директоры Серік Сәпиев және т.б. танымал тұлғалар бар.
Қызылорда облысы арқылы қашықтығы 812 шақырымды құрайтын «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің маңызды бөлігі өтеді. Осы Қазақстанның транзиттік тамырына қан жүгірткен күре жолдың құрылысына қатысқан ұжыммен үгіт-насихат тобы арнайы кездесу ұйымдастырды. «Автомобиль жолдары басқармасы» ЖШС-нің жұмысшылары халықаралық дәліздің 40 шақырымын жаңадан салған. Транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі. Қазірдің өзінде қызылордалықтар транспорттық тас жол аймақтың экономикасына жаңа серпін бергенін сезгендерін жасырмады.
«Қызылорда облысының мыңдаған тұрғыны осы жерден екі қолға бір күрек тапты. Халық үшін бұл жол тіршілік көзіне айналды»,- дейді арнайы жол машинасының жүргізушісі Өміртай Жүнісбаев.
«Нұр Отан» партиясының РСШ мүшесі Ермек Қизатовтың айтуынша, Партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтардың ішінде – Ашық Еуразия құрылысы бар. Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының басталуымен, Қытай мен Еуразиялық Одақ нарықтарын бір ғана кедендік шекара бөлетін болды. Осы тұрғыдан алғанда «БатысЕуропа-Батыс Қытай» ең маңызды жобалардың бірі. Келешекте Еуроодақ елдері жүктерінің жартысынан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтетін болады. Президенттің «Нұрлы жол» жобасы аясында 395,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген. «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасында осы мəселеге баса назар аударылғанын атап өтті. Осы мақсатқа 22,5 млрд доллар қаражат бөлінген екен. Ол көлік, тұрғын үй жəне əлеуметтік инфрақұрылым саласында ауқымды құрылыс жұмысын бастауға жұмсалады дейді үгіт-насихат топ мүшесі.
Штаб мүшелері «Жан-Арай» агроиндустриалды кешеннің ұжымымен кездесті. Кешеннің негізгі бағыты ол – құрама жем және күріш жармаларын өндіру, күрішті тазарту. Құрама жем зауытын қуаттылығы тәулігіне 80 тонна, ал күріш өңдеу зауытының қуаттылығы – тәулігіне 150 тонна. Республикада өсірілетін күріштің 86% осы аймақта өседі. Сонымен қатар, облыста қуаттылығы жылына 11 мың тоннаға жететін 8 балық өңдеу зауыты бар. 2015 жылы екі кәсіпорын 1,7 мың тонна балық өнімін экспортқа шығарды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 45%-ға артық. Өңірде балық шаруашылығының қайта жаңғыру Партия көшбасшысының Арал теңізін сақтап қалуға жіберген күш-жігерінің арқасы дейді «Қамбала балық» ЖШС балық өңдеу зауытының қызметкері Маржанкүл Жиенәлиева: «Ең алдымен Арал теңізін сақтап қалған Елбасымызға Қызылорда облысы тұрғындары атынан шексіз рахмет айтамыз. Өткел құрылысын аяқтау үшін Нұрсұлтан Əбішұлы ауқымды шаруа атқарғаны бізге жақсы мəлім. Осы тарихи жоба арқасында Арал ауданы қайта жанданды. Ауылдарымыз көркейіп, балық шаруашылығының екінші тынысы ашылды, жаңа зауыттар салынып жатыр. Біздің зауыт бүгіннің өзінде партияның сайлауалды бағдарламасын орындауға кірісіп кетті. Біз шетелге балық экспорттау ісін жолға қойдық».
«Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штаб өкілдері өңірдің спортшы қауымымен де кездесті. Алқалы жиын 2013 жылы Елбасы бастамасымен салынған Мұз айдынында өтті. Қызылордалықтар адам еңбегіне көп көңіл бөлінген партияның сайлауалды бағдарламасын құптайтындарын ашық айтты.
«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасынан алдағы үш жылда елімізде апатты жағдайдағы жəне үш ауысымда білім беретін мектептердің мəселесі толық шешімін табатынын біліп қуанып жатырмыз. Еліміздің ұстаздар қауымы жəне оқушылар атынан осы бастамалар үшін Елбасына алғыс айтамыз», - дейді №10 облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің мұғалімі Нағиша Есбосын.
Қызылорда облысының үш мыңға жуық тұрғыны «Нұр Отан» партиясы қолдаушылары форумында бас қосты. Халық партия ұсынған дамудың жаңа бағытын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Республикалық сайлауалды штаб мүшелері өз кезегінде Қызылорда облысының тұрғындарын 20 наурыз күні нақты істердің партиясы «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырды.
Айта кетсек, Қызылорда облысында партияның сайлауалды 10 штабы құрылған. Онда 1440 сенімді өкілдерімен, партияның белсенді мүшелері қызмет етуде. «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша 145 азамат барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттығына ұсынылған.