ЖАҢА КОДЕКСКЕ ҰСЫНЫСТАР
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде біріктірілген Кеден және Салық кодексіне ұсыныстар бойынша кезекті кездесу өтті.
Бұл жолғы талқыланған тақырыпқа жер қойнауын пайдаланушы тұлғалар жоғары қызығушылық танытты. Және бірқатар ұсыныстарын талқылауға енгізді.
Қолданыстағы «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 111, 310, 348-4, 257 т.б. баптары бойынша, яғни геологиялық зерттеу үшін және басқа да жер қойнауын пайдалану мақсатындағы шегерімдер, жер қойнауын пайдаланушы контрактілер бойынша бөлек салықтық есеп жүргізу принциптері, артық табысқа салынатын салықтық шегерімдер, есепке алуға жатпайтын ҚҚС бойынша ұсыныстар «ҚР жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының талаптарымен қатар қарай отырып, ұсынылған.
Сондай ақ, бірнеше қатысушылар басқа да бағыттар бойынша өз пікірлерін білдірді.
Біріктірілген Кеден және Салық кодексін әзірлеу барысындағы ұсыныстарды жинақтау бойынша комиссия төрағасы, Департамент басшысының орынбасары М.Қалдарбеков тиісті басқарма басшыларына барлық пікірлерді назарға алуды тапсырды.
Ұсыныстар, белгіленген тәртіппен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданды.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы