ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АУКЦИОНЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ – БАЛАЛАРҒА
Бүгін Қызылордадағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен мүгедек балаларға арналған №2 оңалту орталығына «Rixos Borovoe» қонақүйі және Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының атынан медициналық жабдықтар, ойын кешені табысталды. Осыған орай аурухананың мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қор директоры Марат Айтмағамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
- Жыл сайын мұнда 9 мыңға жуық адамға ем-дом жасалады. Соның 80 пайызы – балалар. «Асыл мирас» қорының қолдауымен сатып алынған жаңа медициналық жабдық жұмыс сапасын көтеруге септігін тигізеді деген сенімдемін, - деді Рауан Кенжеханұлы.
Нұрлыбек Нәлібаев та қор құрылтайшысы, бизнесмен әрі қоғам қайраткері, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың көптеген игі істің басынан табылып жүргенін жеткізді. Соның жалғыз мысалы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің салынуына, күрделі жөндеуден өткізілуіне қаржылай көмек берді.
«Асыл мирас» қоры осымен екінші жыл қатарынан «Rixos Borovoe» велошеруінің әлеуметтік серіктесі болды. Велошеру аясында қайырымдылық аукционы ұйымдастырылып, «Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры, «Тур де Франс-2014» жеңімпазы Винченсо Нибали, сондай-ақ белгілі қазақстандық теннисшілер оған арнап лоттар ұсынды. Аукцион қорытындысында рекордтық сома – 94 млн. 100 мың теңге жиналды. Аурухана мен оңалту орталығына көмек осының есебінен жүзеге асырылды.
Өз кезегінде оңалту орталығының директоры Перизат Жұматова, аурухананың бас дәрігері Айна Мұхамбетова жомарт азаматтарға алғыстарын жеткізді. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Болат Асанбаев БАҚ өкілдеріне жаңадан сатып алынған жасанды дем беру аппараттарын таныстырды. Оның айтуынша, аппарат тыныс жетіспеушілігі пайда болған ауыр науқастардың ауруынан айығуына зор септігін тигізеді.
Назерке САНИЯЗОВА