ҚР ОСК МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫН 27 НАУРЫЗДАН КЕШІКТІРМЕЙ АНЫҚТАЙДЫ
Мәжіліс депутаттары сайлауының жалпы қорытындысы 27 наурыздан кешіктірілмей анықталады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға орай Ассамблея сессиясы 21 наурыз күні сағат 08:00-де басталады. Дауыс беруге арналған пункт Ассамблеяның сессиясы өтетін ғимаратта орналастырылады және Сессия жұмысының басталуынан бір сағат бұрын, яғни сағат 07:00-де ашылады. Дауыс беруге арналған пунктте ол ашылған сәттен бастап дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдары қатысуға құқылы.
«Ассамблеяның жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда, ол өткізілген болып есептеледі. Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 446 мүше бар. Сессияда Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелерін дауыс беруге арналған пунктке шақырады. Сайлау бюллетеніне Мәжіліс депутаттығына тіркелген 9 кандидаттың барлығы енгізіледі. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетені Ассамблея мүшесіне сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғанда беріледі. Әр сайлаушы жеке өзі дауыс береді», - деді ол.
М.Сәрсембаевтың сөзіне қарағанда, дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғаннан кейін қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасап, қол қояды. Дауыс беруге қатысқан Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан жоғары дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі. Сессия қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жария еткеннен соң жабылады.
«Қалалық сайлау комиссиясының хаттамасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау өткен күннен екі күндік мерзімнен, 22 наурыздан кешіктірмей ұсынылады. Сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркеуді ОСК жүзеге асырады», - деді ОСК мүшесі.
Сонымен қатар ол Мәжіліс депутаттарын сайлаудың жалпы республика бойынша қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей анықтайтындығын, ал сайлау қорытындылары туралы хабар БАҚ-та 30 наурыздан кешіктірмей жарияланатындығын еске салды.