ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР АҚТӨБЕДЕ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Өңіраралық кооперацияны дамыту туралы Елбасы тапсырмасын Сыр елі аймақтар арасында алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруда. Осы мақсатпен қызылордалық тауар өндірушілер Ақтөбе облысында болып, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен кәсіпорындар көрмесін ұйымдастырды.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, таңның атысымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге ақтөбеліктер көп жиналды. Жұртшылық әсіресе, Қызылорданың ақ күріші мен балығына, Аралдың ас тұзына зор қызығушылық танытуда. Тұрғындар қолжетімді бағада өткізілген шарапатты шарадан молынан өнім алып қалуға тырысып жатыр. Қазіргідей нарықтық экономиканың құбылмалы шағында отандық тауарөндірушілерді қолдап, қазақстандық мазмұнды дамытудың маңыздылығы зор. Сол себепті де Мемлекет басшысы аймақтардың кәсіпкерлік ынтымақтастығын арттыруға баса назар аудару керектігін айтты. Бұл – ең алдымен, Қазақстанда жасалған өнімдердің қолданыс аясын кеңейту үшін және жаһандық дағдарыстан ойдағыдай шығу үшін қажет.
Елбасы тапсырмасын Сыр өңірі алғашқылардың бірі болып жүзеге асырып, еліміздің солтүстік-батыс аймағымен ынтамақтастық келісім жасады. Нәтижесінде жергілікті тауарөндірушілер күріш, ет, балық, ұн және макарон өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер секілді 20-дан аса тауар түрлерін ақтөбеліктерге ұсынды.
Көрме-жәрмеңкемен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танысып, екі аймақтың бизнесмендерін бірлесе жұмыс жасауға, осылайша өңірлер арасындағы сауда айналымын арттыруға шақырды.
Қазіргідей қысылтаяң уақытта қажетті өнім мен тауарларды сырттан тасымай, екі облыс бір-бірінің керегін қамтып отырса, мұның өзі ел экономикасының дамуына елеулі үлесін қоспақ. Осы күні картоптың бір келісі 50 теңгеден, сәбіз 45 , пияз 40, қырыққабат пен қызылша 60 теңгеден, ал еттің келісі 950 теңгеден сатылды. Әсіресе, балық өнімдері қызу саудаланды. Сазан, шортан, ақмарқа, мөңке секілді түрлері әп-сәтте сатылып кетті. Базар нарқынан 15-20 пайыз төмен бағада ұсынылған тауарлардың ішінде, Сырдың басты дақылы ақ күрішке ақтөбеліктердің сұранысы зор.
Көпшілік игілігіне бағытталған шара аясында қызылордалық өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, ақтөбеліктердің көңілін көтерді. Бұдан бөлек, қаладағы «Орда» сауда үйінде кәсіпорындардың көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда өңірімізде даярланатын құрылыс материалдары, суару түтікшелері, кондитерлік өнімдер, арнайы жұмыс киімдері, полиэтиленді құбырлар секілді түрлі мақсаттағы тауарлар жұртшылық назарына ұсынылып, облыстың кәсіпкерлік мүмкіндігі таныстырылды.
Айта кетейік, жәрмеңке барысында жалпы салмағы 123 тонна болатын 30 миллион теңгенің өнімі саудаға шығарылды. Баға тұрақтылығын сақтай отырып, тұтынушы сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мұндай шаралар екі облыс арасында алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Әлемді жайлаған жаһандық дағдарыс кезінде аймақтардың күш біріктіріп, мұндай игі бастаманы қолға алуы құптарлық. Елбасы сөзімен түйіндесек, «Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды»