14 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЕТЕЛДЕ ДАУЫС БЕРЕДІ
14 мың қазақстандық шетелде дауыс береді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
20 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихат сайлаулары 9840 сайлау учаскесінде өтетіндігін атап өткен ол: «Дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар сондай-ақ өздерінің сайлауға қатысу құқығын іске асыра алады. Ол үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында Сыртқы істер министрлігінің аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады», - деді.
Оның атап өтуінше, сайлау заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Республика азаматының төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі. Сонымен қатар, еліміздің шет мемлекеттерде жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген азаматтары, олар учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген және Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болған жағдайда сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.
«2016 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасының 14 мыңнан астам азаматы тіркелген. 51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылды. 25 учаске Азия елдерінде, 4-еуі - Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1-еуі - Африкада, 20-сы - Еуропада, 15-сі - ТМД-да», - деді Л.Сүлеймен.
Айта кетерлігі, шетелдік учаскелерде Қазақстан Республикасының азаматтары партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда ғана дауыс бере алады.