ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Қала әкімдігінде Қызылорда қалалық төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырыста қала және қалаға қарасты елді-мекендердегі сыртқы өртке қарсы өрт сөндіру гидранттары мен су қоймаларының техникалық жағдайы, 2015-2016 жылдардағы қыс-көктем су тасқынының алдын алу шаралары, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу туралы мәселелер қаралды.
Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрашев Майысжан Шамауұлы комиссия мүшелерінің назарына сыртқы өртке қарсы су көздерінің мәселелері, оның ішінде сайлау учаскелері орналасқан нысандардың маңындағы өрт сөндіру гидранттарының жағдайы және сусыз елді-мекендерде өрт автокөліктерінің табиғи су айдындарынан су алуын қамтамасыз ету үшін пирстер орналастыру жөнінде ұсыныс енгізді.
Сонымен қатар өрт қауіпті кезеңде ауылдық елді-мекендердегі дала өрттерін сөндіруде жұмылдырылатын күштер мен құралдарды дайындықта ұстау мәселесін талқылады.
Ә. БЕКМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері